Түркістан қаласындағы Иассы ауылдық округіне қарасты Еңбекші диқан ауылының тұрғыны, көп балалы ана Азат Мұстафаева еңбек десе өзге дүниені ұмытатын шаруақор кісі. Оңтүстікте мақта деген дақыл өседі. От шашқан күн төбеңнен төніп, жердің бетіндегі қыбырлаған жандарды табаға салып қуырып жатқанда атызда шабық шауып, еңкейіп мақта теру қиынның қиыны. Көп балалы батыр ана тұрмыс тауқыметін жеңілдету үшін еңбек майданында жанын аямаған.
Түркістан қаласы бойынша мақта теруден екі рет алдына жан салмаған терімші ана қала әкімі Әліпбек Өсербаевқа Астана қаласына барып, қыдырғысы келетінін айтқан екен.
Жуырда Әліпбек Өсербаев Батыр ананы арнайы қабылдап, Астанаға бір апта қыдырып барудың шығынын көтеретіндігін хабарлады.
«Мен он бала өмірге әкелген анамын. Жас кезімде соларды өсіріп, жетілдіреміз деп сырт жаққа қыдыру ойға келмеді. Астана әйбат қала деп естігеннен кейін бір көргім келіп жүр еді. Қаржы жетіспегеннен кейін амал жоқ қала әкіміне айттым. Әліпбек бауырыма рахмет, сөзінде тұрды. Енді міне, барып қайту билеті, керекті қаражат қолымда тұр. Қасымда екінші ұлым Айдар бар».
Еңбек ардагері рахметін жаудырған қала әкімі: «Халқымызда «жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген қанатты сөз бар. Бұл кісілер еліміздің байлығын еселеуде қыруар еңбек етті. Көмек сұрауы заңды. Еңбек озаттары құрмет көруі тиіс. Оларға мейлінше жағдай жасау жастарымызға үлкен тәрбие ошағы», дейді.
Осылайша, жас кезінен белі бүгіліп мақта алқабында жүрген еңбек озаты қала әкімінің қолдауымен Астанаға жол тартпақ.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Әлем кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды
Бокс • Бүгін, 12:11
Ұландықтар Геннадий Головкинді ерекше форматта құттықтады
Қоғам • Бүгін, 11:58
Университеттерге құжат қабылдау қашан басталады?
Университет • Бүгін, 11:55
1-сыныпқа қабылдау: Ата-аналар тұрақты тіркеу талап етілетініне шағымданды
Қоғам • Бүгін, 11:44
Алматыда 400-ден аса заңсыз сауда нысаны сүрілді
Сауда • Бүгін, 11:40
Миллениал ата-ана, зумер бала: Қалай тіл табысамыз?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Өзбекстан футболшылары жанкүйерлердің ықыласына бөленді
Футбол • Бүгін, 11:24
Филиппинде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78 адамға жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Ел тұрғындары шілде айында қанша күн демалады?
Мереке • Бүгін, 11:01
Вьетнам шетелдіктер үшін елге кіру рәсімін жеңілдетті
Туризм • Бүгін, 10:52
Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған
Аймақтар • Бүгін, 10:51
Жамбыл облысында пара алған экс-полицейлерге сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:37
Иран Ормұз бұғазындағы алымдарды 60 күнге тоқтатты
Әлем • Бүгін, 10:30
Volkswagen компаниясы 50 мың жұмысшыны қысқартады
Әлем • Бүгін, 10:22
Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейс ашылды
Логистика • Бүгін, 10:11